Мопед тізгіндеген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

1 380

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотАстанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопедисті қағып кетті. Артынша мопедті 2011 жылы туған бала айдағаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізуші жол апатына ұшырады.


"Оқиға орнына барған полиция жасағы жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Астананың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем дәрігерлері №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына 2011 жылы туған ұл баланы жеткізді.

"Жәбірленушінің сол жақ жамбас сүйегі сынған. Оны ауруханада арнайы мамандарға қарап, травматология бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады басқарма.

 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.