Қазақстанда әйелдер үшін жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мәжіліс отырысында депутат Қарақат Әбден премьер-министрге сауал жолдап, елде әйелдер үшін қысқартылған жұмыс күнін енгізу мәселесін ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутаттық сауалда “Ауыл” фракциясының депутаты соңғы жылдары аудан әкімі қызметіне тағайындалған әйелдер саны 8%-ға артқанын айтты. Дегенмен билікте әйелдердің санын көбейту үшін жүйелі өзгерістер керек дейді.
Мәжілісмен облыстық әкімдіктерде басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі тек 10% екенін айтып, барлық облысты ерлер басқаратынын алға тартты. Әйелдер орынбасар қызметіне тағайындалып, негізгі “жұмыс күшіне” айналған екен. Сондай-ақ депутат тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашып, жұмыс орындарында балалар бөлмесін жабдықтау керек дейді.
Қаз
Рус






