Бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді
1 387
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей адам өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 17 қарашаға қараған түні Тасқала ауданында болған. Мәліметтерге сүйенсек, ер адамдар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Ауыр дене жарақатынан олардың бірі ауруханада көз жұмды.
Күдіктіні полиция қызметкерлері ұстаған.
«Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкер болып шықты», – делінген ақпаратта.
Қаз
Рус






