Үндістан мен Қазақстан арасында тағы бір әуе рейсі ашылады

1 366

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comҮндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут іске қосылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астананың халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен "Indigo" үнді "лоу-кост" әуекомпаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

"Биылғы 14 мамырдан бастап "Indigo" әуекомпаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады. Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұған дейін "Эйр Астана" қазақстандық әуекомпания биылғы 20 сәуірден бастап "Airbus" үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашатыны хабарланған болатын.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтіледі. Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели ("Эйр Астана" - аптасына 7 рейс, "IndiGo" - аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.