Жүргізуші куәлігін енді eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыруға болады

1 933

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚҚазақстандықтар енді жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы eGov порталы жазды. 

"Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды. Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс", - делінген хабарламада.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile мобильді қосымшасына авторизациядан өтіп, "Қызметтер" бөліміне өту қажет;
  • "Жүргізуші және көлік" бөлімінен "Жүргізуші куәлігін беру" қызметін таңдау;
  • дайын құжатты алатын ХҚКО-ны таңдау;
  • жүргізуші куәлігін ауыстыру себебін көрсету және фотосуретті жүктеу;
  • қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс нөмірін енгізу керек;
  • мемлекеттік бажды төлеу қажет (4 915 теңге);
  • өтінімді Face/Touch ID көмегімен растау қажет;
  • қызмет нәтижесі "Хабарламалар" бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.