Ток өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды
492
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы әлеуметтік желілерде мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода әкім тілшіге жарықтың жиі сөнуіне трансформаторға қонатын құстар кінәлі екен айтады. Журналист пен әкім арасындағы диалог мынадай:
- Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
- Қарға? Алақандай құс?
- Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.
- Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
- Қоршауы тұр ғой.
- Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
- Мәселені сол ... қалай шешетінін білмеймін.
- Ауданнан сұрайын ба?
Бұл жауап Қазнетт қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреулері жай ғана әзіл деп қабылдаған. Желі қолданушылары биліктегі адамдардың бұлай қателесуіне үйреніп қалғанын да жазған.

Қаз
Рус