Ток өшуіне қарғаны кінәлаған әкім Қазнетте мемге айналды

491
Тамды ауылының әкімі Рауан Асқаровтың 24.kz тілшілеріне ауылда неге жарық сөне беретініне айтқан жауабы әлеуметтік желілерде мемге айналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода әкім тілшіге жарықтың жиі сөнуіне трансформаторға қонатын құстар кінәлі екен айтады. Журналист пен әкім арасындағы диалог мынадай:
- Қарға деген бәле трансформаторға күйіп кетеді де, оған күш түседі де, жарықты сөндіріп тастайды.
- Қарға? Алақандай құс?
- Қанатымен ұшып барады да қанаттары темірге тиеді.
- Қарға жақындамайтындай қоршау керек пе? Қарға жақындамас үшін не істеу керек?
- Қоршауы тұр ғой.
- Енді бұл мәселені қалай шешу керек?
- Мәселені сол ... қалай шешетінін білмеймін.
- Ауданнан сұрайын ба?

Бұл жауап Қазнетт қолданушыларының ашуын келтірді, ал кейбіреулері жай ғана әзіл деп қабылдаған. Желі қолданушылары биліктегі адамдардың бұлай қателесуіне үйреніп қалғанын да жазған.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.