Павлодарда жануарларды қатыгездікпен өлтіргендер іздестіріліп жатыр

348

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Павлодар қаласында еріктілер иттер мен мысықтарды қатыгездікпен өлтіргендерді іздістіріп жатыр.

Бұл туралы павлодарлық еріктілер әлеуметтік желіде жариялады.

"Қала тұрғындарынан "Южный" бақшасы аумағындағы саяжайларда иттер мен мысықтарды сабап мүгедек қылатын, өлтіретін топ туралы ақпарат білсе, бізге хабарлауын сұраймыз. Сондай-ақ, зардап шеккендер болса хабар берсе. Жануарлар аса қатыгездікпен өлтіріліп жатыр", - деді "Добрые руки" қоғамдық қайырымдылық қорының еріктілері.

Жануарлар құқығын қорғаушылар кейбір Павлодар тұрғындары үй жануарларын саяжай маңына лақтырып кететінін айтты.

"Велосипед мінген бір топ жасөспірім көзге түсті. Олар жақын маңда ересек адамдар жоқ екеніне көз жеткізіп, жануарларды таспен және таяқпен сабап өлтіреді", - дейді еріктілер.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.