Қостанайда балаларды ұрып-соққан түзету орталығына тексеру жүргізіледі
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қостанай қаласының білім бөліміне "Аманатик" ЖШС-не қарасты түзету орталығына барған балалардың ата-аналарынан бірнеше шағым түсті. Арыз-шағым негізінде мекемеге тексеру жүргізіледі,- хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, бұл түзету орталығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бар. Келіп түскен шағымдарға байланысты "Аманатик" түзету орталығына арнайы комиссия жіберіліп, балалардың жағдайына қатысты тексеріс жүргізіледі.
Бұған дейін Қостанайда түзету орталығындағы тәрбиешілердің балаларды ұрғаны видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік.
Қаз
Рус






