Қостанайда балаларды ұрып-соққан түзету орталығына тексеру жүргізіледі

2 268

Фото: Видеодан скринҚостанай қаласының білім бөліміне "Аманатик" ЖШС-не қарасты түзету орталығына барған балалардың ата-аналарынан бірнеше шағым түсті. Арыз-шағым негізінде мекемеге тексеру жүргізіледі,- хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл түзету орталығында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бар. Келіп түскен шағымдарға байланысты "Аманатик" түзету орталығына арнайы комиссия жіберіліп, балалардың жағдайына қатысты тексеріс жүргізіледі.


“Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Балалардың құқықтарын сақтау, олардың қауіпсіздігін, өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету — әрдайым басымдық беріледі”, –  деп мәлімдеді білім бөлімі.

Бұған дейін Қостанайда түзету орталығындағы тәрбиешілердің балаларды ұрғаны видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік.