АЭС-ке білікті кадрлар дайындау жүргізіліп жатыр

2 231

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Әлихан Асқар/KazinformЕлімізде салынатын бірінші атом электр стансасына білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Атом энергиясы жөніндегі агенттіктен мәлім етті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Консорциум көшбасшының міндетіне қызмет көрсетуші персоналдарды дайындау кіреді. АЭС пайдалану үшін шамамен 2 000 адам, оның ішінде ядролық мамандық бойынша 400 адам қажет. Ал қалғандары — бізде жұмыс істеп тұрған көмір және газ электр стансаларында еңбек ететін бейінді-техникалық мамандар. Ядролық мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға келер болсақ, қазіргі уақытта физикамен, энергетика және электртехникасымен байланысты 18 білім бағдарламасы бойынша білікті кадрларды дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр, — деді агенттіктен.

Ведомство мәліметінше, отандық Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, сонымен қатар ядролық технология маманданған шетелдік жетекші ЖОО-ларда мамандар даярлау қолға алынған. Ядролық мамандықтар бойынша білім гранттар санын арттыру қажеттілікке қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алып жатқан жас мамандар жұмыс істеп тұрған АЭС-терде тәжірибе жинақтап, тағлымдамадан өтеді. 

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік пен «Росатом» АЭС салу жөніндегі жол картасын бекітті. 

Алғашқы АЭС құны 14 млрд доллар болуы мүмкін.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.