Құрылыс және жөндеу жұмыстары аудан әкімінің бақылауында

1 486

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қармақшы әкімдігіБүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысын бақылап, нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлайдыц "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдымен аудан басшысы Байзақ тегі көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолының құрылысын көріп, жұмыстың сапасына және тұрғындар үшін қолайлы болуына назар аударды. Мердігер мекемеге құрылыс материалдарының сапасын қадағалап, бекітілген мерзімнен кешікпеуді ескертті.

Одан кейін М.Құдабаев және І.Мүсірбаев көшелерінде салынып жатқан балалар ойын алаңдарының жай-күйімен танысты. Жергілікті тұрғындардың өтінішіне сәйкес қолға алынған бұл жобаның сапалы әрі қауіпсіз орындалуы тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар Н.Нақыпов, Келменбет батыр және Қ.Шыңғысов көшелеріндегі күрделі жол жөндеу жұмыстары да аудан әкімінің назарында болды. Нысан басында аудан басшысы жауапты бөлімдер мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапасы мен уақтылы орындалуын үнемі бақылауда ұстауды міндеттеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.