Қоғамдық қабылдауда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

2 234

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Искаков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қабылдау барысында тұрғындар медициналық қызметтердің сапасы, емделуге көмек көрсету, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ өзге де салаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Басқарма басшысы әрбір өтінішке жеке тоқталып, көтерілген мәселелер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы аясында қаралатынын және қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Тұрғындардың өтініштері жедел қаралуда

Қоғамдық қабылдауда айтылған ұсыныстар мен шағымдар облыстық денсаулық сақтау басқармасының тікелей бақылауына алынды. Әсіресе ем-дом шараларына қатысты өтініштер жедел қаралып, басқармаға қарасты тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар мен ұсыныстар жолданды.

Олжас Искаков қабылдауға келген әрбір азаматтың шағымы мен ұсынысы толыққанды қаралып, шешім шыққанға дейін назарда болатынын мәлімдеді.

Мұндай қоғамдық қабылдаулар халықпен кері байланысты күшейтіп, мемлекеттік медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.