Қоғамдық қабылдауда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
«AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық филиалының алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Искаков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қабылдау барысында тұрғындар медициналық қызметтердің сапасы, емделуге көмек көрсету, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондай-ақ өзге де салаға қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Басқарма басшысы әрбір өтінішке жеке тоқталып, көтерілген мәселелер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңы аясында қаралатынын және қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.
Тұрғындардың өтініштері жедел қаралуда
Қоғамдық қабылдауда айтылған ұсыныстар мен шағымдар облыстық денсаулық сақтау басқармасының тікелей бақылауына алынды. Әсіресе ем-дом шараларына қатысты өтініштер жедел қаралып, басқармаға қарасты тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар мен ұсыныстар жолданды.
Олжас Искаков қабылдауға келген әрбір азаматтың шағымы мен ұсынысы толыққанды қаралып, шешім шыққанға дейін назарда болатынын мәлімдеді.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар халықпен кері байланысты күшейтіп, мемлекеттік медициналық қызметтің сапасын арттыруға ықпал етеді.







