Небәрі 16 жастағы курьер 80 пакет есірткімен ұсталды

1 539

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Аikyn.kz«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық  шарасы аясында Рудный қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен психотроптық заттарды сақтап, таратты деген күдікпен 16 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірім Рудный қаласындағы қалалық жағажай маңында ұсталды. Одан ұнтақ тәрізді зат салынған орамдар, шамамен 80 пакет табылды.

Кейін полиция қызметкерлері Қостанай қаласында жалға алынған пәтерге тінту жүргізді. Пәтерден электронды таразылар, зат қалдықтары бар, жүздеген бос пакет, сондай-ақ сату үшін дайындалған 200-ден астам есірткі орамы табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен жарты келіні құрады.

Сот-химиялық сараптама тәркіленген заттың синтетикалық есірткі екенін көрсетті.

Алдын ала деректер бойынша, жасөспірім әлеуметтік желілер арқылы қылмысқа тартылған. Мессенджерде оған «жоғары табысы бар курьерлік жұмыс» ұсынылған. Шын мәнінде, оның міндеті есірткіні сақтау және Қостанай облысы аумағына жасырын қойып шығу болған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің ерекше ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сақтау және тасымалдау бабымен қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта полиция қылмыстық топтың ұйымдастырушыларын және аға сыбайластарын іздестіруде.

Полиция ескертеді: жасөспірімдерді интернет арқылы арбау – есірткі бизнесінің кең таралған тәсіліне айналып отыр. Құқық қорғаушылар ата-аналарды балалардың бос уақытын және олардың әлеуметтік желідегі белсенділігін мұқият қадағалауға шақырады.

Жалпы алғанда, бүгінде  Қостанай облысында заңсыз айналымнан 5 келі 570 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.