Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 23 жастағы фельдшер қаза тапты
1 595
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір жолаушы қаза тапты. Ол 23 жастағы фельдшер болып шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан жедел жәрдем көлігі аударылып қалғанын көруге болады.
“Апат 3 желтоқсанда сағат 00:40-та Алматы қаласы Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Сайын көшесімен келе жатып, бұрылмақ болған. Сол сәтте Kia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Ал 2002 жылы туған фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған”, – делінген хабарламада.
Полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қаз
Рус






