Ерлі-зайыптылар балалар үйінен бес бауырды асырап алды

1 537

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Маңғыстау облыстық "Қоғамдық коммуникация орталығыАқтаулық ерлі-зайыпты Бейсенбек Рысжанов пен Ләззат Абдашова балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бес бауырды бірдей өз отбасына қабылдап, олардың жаңа өмірге деген үмітін оятты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Отбасының сөзінше, шаңырақ құрғаннан кейін үш жылдан соң тұңғыш бала дүниеге келген. Ал соңғы 8 жыл бойы сәбилі болуды армандаған жұп бала асырап алу порталында ұсыныс түскен кезде бір үйдің бес баласын бірге қабылдауға шешім қабылдаған.

«Балалардың бір-бірінен ажырамауы керек деп санадым. Бастапқыда үлкенін басқа отбасыға бермек болғанын естіп, барлығын бірге алуға өтініш білдірдім. Бесеуі де отбасымызға тез үйреніп, бір-бірімен тату болып кетті. Қазір бәрінің жағдайы жақсы, біз өте бақыттымыз», – деді Ләззат Абдашова.

Отбасы балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін қосымша тұрғын үй сатып алған. Алдағы уақытта әр баланың өз жатын бөлмесі болады деп жоспарлануда. Бауырлардың үлкені 15 жаста, кенжесі 4 жаста; жанұяда қазір екі қыз бен алты ұл өмір сүріп жатыр.

Ерлі-зайыптының бұл әрекеті қоғамға үлгі боларлық адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын мысалы ретінде бағалануда.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.