Қатты жел мен бұршақ: Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

433

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанның төрт өңірінде қатты жел мен бұршаққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, 3 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Петропавл қаласында да күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Өңірдің солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды.

Оралда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жел болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шанды дауыл соғады. Облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.