"Қорғас" шекара аумағында жаппай төбелес орын алды

1 246

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әлеуметтік желіде "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағында жаппай төбелес болғаны туралы бейнежазба тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, "Қорғас" ШЫХО-да белгісіз біреулер мен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен тағы да төтенше жағдай орын алды. Алайда белгісіз себептермен құқық бұзушыларды ұстамай отыр", - делінген видео астындағы жазбада.


Жетісу облысының полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Сонымен бірге, департамент төбелеске қатысушылардың барлығы ұсталды - 20-26 жас аралығындағы жергілікті тұрғындардан 12 адам ғана ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды.


"Оқиға "Қорғас" ШЫХО аумағында қыркүйектің 6-сы күні болды. Төбелеске қатысқан 20-26 жас аралығындағы 12 жергілікті тұрғын ұсталды. Олар аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша жүргізілуде. Оқиға орнынан травматикалық тапанша тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Тергеу амалдары облыстық департаменттің бақылауында", - делінген хабарламада.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.