"Нұрай" есімін жамылған ер адам, жігіттен 4 миллион теңге алдап алған

1 550

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Коллаж: ІІМ/ShutterstockАстанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы тұрғынға үкім шықты. Ол танысуға арналған Tinder қосымшасына "Нұрай" деген атпен тіркеліп, өзінің Telegram-аккаунтына сілтеме қалдырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алаяқ Telegram-да бейтаныс қыздың фотосын қойып, жалған парақша ашқан. Содан кейін жәбірленушімен тілдесіп, кездесуге уәде беріп, әртүрлі сылтаулармен одан ақша сұрай бастаған.

Қаскөйдің арам пиғылынан бейхабар жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 миллион теңгеден астам қаржысын аударған.

“Сот айыпталушыны ақпараттық жүйе пайдаланушысына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды. Қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген мүліктік залалды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескеріле отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді”, – делінген хабарламада.

Мамандар виртуалды "таныстардың" арбауына түспеуге және сақ болуға шақырды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.