“Ұрып-соғып, далаға тастап кетті“. Әкесі туған ұлдарынан зардап шеккен
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жетісу облысының екі тұрғыны өз әкесін соққыға жығып, оған қорлық көрсетті деп айыпталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Ақсу ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 62 жастағы жергілікті тұрғын әлеуметтік желі арқылы жұрттан көмек сұраған.
2013 жылы отбасымен Қытайдан Қазақстанға көшіп келген, ауылдағы шағын шеберханада етікші. Ұлдары жұмыс орнының да астаң-кестеңін шығарып, терезелерін қиратып, құрал-саймандарын, ақшасын, телефоны мен құжаттарын тартып алып отырған. Қария полицияға бірнеше рет шағымданған, тәртіп сақшылары оның екі ұлын да жауапқа тартқан. Олар бірнеше тәулікке, сондай-ақ, сот шешімімен бір айға да қамауға алынған. Алайда босап шыққан соң бұл істерін тоқтатпаған.
Қазір ер адам ұлдарының бірі тартып алған құжаттарын (паспорты мен жеке куәлігін) іздестіріп жатыр.
Қаз
Рус






