Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге бола ма: Министрлік жауап берді

575

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Мемлекеттік және жеке меншік мектепте хиджаб кию заңға қайшы. Бұл туралы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Білім министрінің 2016 жылғы бұйрығына сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптар бар, білім стандарты бар, біздің елдің азаматтары бұл бұйрықты және жалпы алғанда еліміздің заңдарын орындауы тиіс", – деді Нүкежанов.

Ол Конституцияда Қазақстанның зайырлы мемлекет екені нақты жазылғанын еске салды. Ал мектепке баратындардың барлығы білім және ғылым министрінің бұйрығын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң мен Конституцияны орындауы тиіс.

"Бұл заң жеке меншік және мемлекеттік мектептерге де қатысты. Стандарттар бар және олар барлық мектептерге қолданылады. Егер сізде заң бұзушылық фактілері болса, сіз аймақтардағы білім басқармасына, комитетке немесе білім министрлігіне жүгіне аласыз. Егер нақты бір жағдайлар тіркелетін болса, ол заң аясында қадағаланатын болады", – деді комитет басшысы.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.