Жантүршігерлік жол апаты полиция қызметкерлері оқиғаны анықтауда

1 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Алматы ПДАлматы қаласында бірнеше күн бұрын Әл-Фараби даңғылында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов халықпен кездесу барысында резонанс тудырған жол-көлік оқиғасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

- Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Алдағы уақытта оған қатысты тергеу әрекеттері толық жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынады, - деді полиция бастығы.

Айдын Қабдұлдинов жол апатының себептері, оның ішінде көше жарысы мен оқиғаға жоғары лауазымды тұлғаның қатысы туралы желіде тараған ақпараттарға да пікір білдірді.

- Полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізіп жатыр, нақты құқықтық баға беріледі. Егер қызметкерлердің кінәсі анықталса, ең қатаң шараларды қолданамыз, - деді ол.

Алматы полициясы көшедегі көлік жарыстары туралы мәлімдеме жасады. Кейінгі үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.