Екі қабатты тұрғын үй опырылып түсті

1 520

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©24.kz видеосынан скринСолтүстік Қазақстан облысы, Мамлютка қаласында апатты деп танылған екіқабатты үй қақ ортасынан опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ, әкімдік тұрғындарды шұғыл түрде көшіріп үлгерді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, үй 1978 жылы салынған. Ғимарат 2005 жылы апатты деп танылғанымен, кейін жөндеу жүргізіліп, мәртебесі өзгертілген.

«2005 жылдан бері бұл үй апатты деп танылған. Пәтер мен кіреберістегі қабырғалар құлады. Негізгі қабырғаның қалыңдығы небәрі 27 см. Бізге тіреулер қойып берді», – дейді жергілікті тұрғын Танзиля Садуова.

Бірақ жақын маңайда көпқабатты үй құрылысы басталғалы жағдай қиындаған. Ескі үйдің қаптама кірпіші үгіліп, кіреберістерді су баса бастаған. Былтыр тұрғындар өз қаражатына тәуелсіз техникалық тексеріс жүргізіп, оның қорытындысында үй қайтадан апатты деп танылған, бірақ еш жөндеу жұмысы жүргізілмеді.Абырой болғанда, құлаған пәтерде ешкім тұрмаған. Қабырғаларда жарықтар пайда болған соң иелері көшіп кеткен. Барлығы екіқабатты үйде тоғыз отбасы тұрған. Оларға өткен жылы кезекте тұрғандар үшін салынған жеке үйлерден уақытша үш айға баспана берілді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.