Бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшыраған

1 509

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скринҚостанайда бес айыпталушыны сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшыраған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Жол апаты 16 маусым күні Қостанай қаласындағы Бәймағамбетов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болған. Полицияның қызметтік көлігі жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік автокөлік бес күдіктіні сотқа апара жатқан. 

“Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қызметтік Jac маркалы автокөлік Бәймағамбетов көшесімен қозғалып келе жатып, қызметтік жарықтары қосулы күйде қиылыстан өту кезінде маневрдің қауіпсіздігін толық тексермей, Гоголь көшесімен жасыл бағдаршамға өтіп бара жатқан Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда, тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Оқиға орнында төрт жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген. Апаттан кейін қызметтік көліктегі бес адам қалалық ауруханаға тексерілуге жеткізілген. Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, олардың барлығы бастапқы тексеруден өткен.

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, жарақат алған екі полиция қызметкері әлі ауруханада тексеруден өтіп жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.