Бір отбасы жол апатынан түгелдей қырылды

1 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото; PinterestРесейдің Тамбов облысында BMW X5 автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып, бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіл көлікте 44 жастағы ер адам, оның 41 жастағы жұбайы және алты әрі тоғыз жастағы екі ұлы болған. Қатты соққы салдарынан отбасының барлық мүшесі оқиға орнында көз жұмды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW X5 жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, басып озу кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Осы сәтте көлік қарсы беттен келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. 

Ақпаратқа сәйкес, BMW жүргізушісіне биыл жылдамдықты асырғаны үшін 30 рет айыппұл салынған. Алайда жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады.




OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.