Бір отбасы жол апатынан түгелдей қырылды
Ресейдің Тамбов облысында BMW X5 автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып, бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіл көлікте 44 жастағы ер адам, оның 41 жастағы жұбайы және алты әрі тоғыз жастағы екі ұлы болған. Қатты соққы салдарынан отбасының барлық мүшесі оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, BMW X5 жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, басып озу кезінде қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Осы сәтте көлік қарсы беттен келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.
Ақпаратқа сәйкес, BMW жүргізушісіне биыл жылдамдықты асырғаны үшін 30 рет айыппұл салынған. Алайда жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады.







