Қошанов Мәжілісте міңгірлеп жауап бере алмаған шенеунікті орнына қойды

511

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов депутаттардың сұрақтарына мардымды жауап бере алмады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайиына сілтеме жасап.

Бұған шыдай алмаған төменгі палата спикері Ерлан Қошанов сөзге араласты. 

Депутат Самат Мұсабаев Қордайда қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайға байланысты қозғалған қылмыстық іске қатысты сауал қойған. Бірақ Сұлтан Қамалетдинов мардымды жауап бере алмады. Осы кезде сөзге Ерлан Қошанов араласты.


Менде бір ескерту бар. Осы жерде Үкіметтің өкілі отыр. Баяндамашылар дайындалып келуі керек. Бір сұраққа жазбаша жауап беруге болар, бірақ бүкіл сұрақтың бәріне жазбаша жауап беру деген болмайды. Онда баяндамашыға бұл жерге келіп те қажет емес,— деді Ерлан Қошанов.

Төраға сауалға тікелей жауап бере алмайтын болсаңдар "бірімізбен хат жазысып отырайық" деді.


Ерлан Қошанов / Видеодан кадрТөраға сауалға тікелей жауап бере алмайтын болсаңдар "бірімізбен хат жазысып отырайық" деді.

Бұл өзі үлкен тақырып та емес, жұмыс тобында, комитетте қаралды. Осы сұрақтың бәрі көтерілді. Осыған нақты жауап беруге болады ғой. Сондықтан Үкіметтің өкіліне де, бүкіл баяндамашыға да осы ескертуді біздің Мәжілістен жеткізіңіздер,— деді спикер.