Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы табылды

291
Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы табылды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

"Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және еліміздің басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымда Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады. 


Факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.