Оқушыда мектеп формасы жоқ болса, 21 625 теңге штраф!

1 526

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© ЖИ/Opennews.kz Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ата-аналар мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мектеп формасына қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда баланы сабаққа кіргізбеуге бола ма деген сұраққа жауап берді.  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ата-аналар мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін айтқан.

«Білім туралы» заңға сәйкес, балаларды оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді. Бала сапалы білім алуға құқылы. Сондықтан баланы мектепке кіргізбеуге болмайды, – деді бірінші вице-министр.

Сонымен қатар ол ата-аналардың да өз міндеттері барын атап өтті.  «Білім туралы» заңның 47-бабында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, ал 49-бабында ата-аналардың міндеттері белгіленген. Мектеп формасына қойылатын талаптарды білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесі және ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп бекітеді. Шынар Ақпарованың түсіндіруінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабына сәйкес, талапты алғаш рет бұзған жағдайда ата-анаға ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл 21 625 теңгені құрайды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.