Оқушыда мектеп формасы жоқ болса, 21 625 теңге штраф!
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ата-аналар мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мектеп формасына қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда баланы сабаққа кіргізбеуге бола ма деген сұраққа жауап берді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ата-аналар мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті екенін айтқан.
«Білім туралы» заңға сәйкес, балаларды оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді. Бала сапалы білім алуға құқылы. Сондықтан баланы мектепке кіргізбеуге болмайды, – деді бірінші вице-министр.
Сонымен қатар ол ата-аналардың да өз міндеттері барын атап өтті. «Білім туралы» заңның 47-бабында білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, ал 49-бабында ата-аналардың міндеттері белгіленген. Мектеп формасына қойылатын талаптарды білім беру ұйымы қамқоршылық кеңесі және ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп бекітеді. Шынар Ақпарованың түсіндіруінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабына сәйкес, талапты алғаш рет бұзған жағдайда ата-анаға ескерту жасалады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл 21 625 теңгені құрайды.
Қаз
Рус






