145 млн теңгені қолды қылған күдікті Ресейден табылды

1 330

Фото: freepik.comАдамдарды арзан көлік алып беруге сендіріп, алдап кеткен күдікті Ресейден табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса iрi мөлшерде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. 

Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді арзан балаға жеткізетінін айтып, адамдарды өтірік алдап, жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам қаражат жымқырған. 

Қаражатты алған күдікті жоғалып кетті. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды», делінген бас прокуратура хабарламасында. 

 Алаяқ бес жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.