Қызылорда облысында жұмыс орындарынан қысқартылған қызметкерлер аудан әкімдігін сотқа берді

1 421

gov.kzАрал аудандық соты жұмысынан заңсыз босатылған азаматтарға еңбек құқықтарын қорғау бойынша шешім шығарды. Олар «Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ-де әдіскер қызметін атқарып жүрген кезде, 2024 жылғы 4 сәуірдегі өкімдерге сәйкес, штат санының қысқаруына байланысты қызметтерінен босатылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл жағдаймен келіспеген талап қоюшылар сотқа жүгініп, жұмыстан босату туралы өкімдерді заңсыз деп тануды, оларды қайта жұмысқа орналастыруды және жұмыссыз бос жүрген уақыттарына тиесілі жалақыларын өндіруді талап етті.


Сот ісі барысында жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуға негіздеме жеткіліксіз болғаны және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген талаптардың бұзылғаны анықталды.


«Нәтижесінде, сот жұмысынан заңсыз босатылған азаматтарды бұрынғы қызметтеріне қайта орналастыру туралы шешім қабылдап, жұмыссыз бос жүрген уақыттары үшін Ш.-ның пайдасына 999 041 теңге, Т.-ның пайдасына 996 704 теңге жалақы өндіруді бұйырды. Сонымен қатар, жұмыс берушіге заң бұзушылықтарға қатысты жеке ұйғарымдар шығарылды. Аталған шешім соттың азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы маңызды қадамы болды», - делінген хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.