Әйел адамды зейнеткер әйнек сынықтарымен жарақаттаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қарағандыда аулада серуендеп жүрген 25 жастағы әйел бейтаныс зейнеткердің шабуылынан жарақат алып, ауруханаға түскен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиғаға әйелдің көйлегі себеп болған. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеген. Оқиға Анжерская көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. 40 жастағы әйел жұбайын көйлегіне бола себепсіз балағаттап, тілдескен. Артынша сөзге келіспеушілік туып, әлгі әйел жәбірленушінің арқасынан ішінде бөтелкелер мен қайшысы бар қоқыс пакетімен ұрған. Салдарынан пакеттегі бөтелкелер сынып, әйнек сынықтары 25 жастағы әйелді жарақаттаған. Полиция оқиға орнына шақырту түскенін растаған.
"Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтаған. Ол 63 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шыққан. Сондай-ақ 25 жастағы жәбірленушінің де жеке басы анықталды", – деп хабарлады полиция Zakon.kz тілшісіне.
Полиция мәліметінше, 63 жастағы әйел медициналық есепте тұр. Полиция қызметкерлері араласқаннан кейін ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылған.
Қаз
Рус






