«Барни» үшін соққыға жығылған Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

1 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым ЕсентаевАлматы облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесі қабірден қайта қазылып алынды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

Оның өліміне қатысты іс бойынша қайта сот-медициналық сараптама тағайындалған. Бұл туралы оқиға орнынан репортаж дайындаған блогер Жан Ахмадиев мәлімдеген.

Оның айтуынша, зиратқа полиция қызметкерлері мен тиісті мамандар келген. Бұған дейін блогер қыздың өліміне қатысты мән-жайларды көтеріп, алғашқы сараптаманың қорытындысына күмән келтірген болатын. Ол істі қайта зерттеуді талап еткен.

«Қазір Алматыдан алыс емес жерде, небәрі 19 жасында өмірден өткен қарындасымыз Мадинаның қабірінің жанында тұрмыз. Оның жұмбақ өліміне қатысты мәселені бірнеше рет көтердік. Алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмәнданып, қайта сараптама жүргізуді талап еттік. Бүгін полиция қызметкерлері мен тиісті мамандардың қатысуымен оның денесін қабірден қайта қазып аламыз», – деді Жан Ахмадиев.

Блогер қабірді ашу қазақы дәстүр тұрғысынан ауыр қадам екенін атап өтті. Алайда оның сөзінше, қыздың өлімінің себебін анықтау үшін осындай шешім қабылдауға тура келген. Мадинаның артында сегіз айлық сәбиі қалды.

Ахмадиев өздері жариялаған кадрларда қыздың денесінен соққы іздері мен бұрыннан қалған жарақаттар байқалатынын да айтты. Олардың қалай пайда болғанын және өліммен байланысы бар-жоғын сараптама анықтауға тиіс.

«Ол небәрі 19 жаста еді, артында сегіз айлық сәбиі қалды. Біз ешкімді алдын ала айыптағымыз келмейді. Бірақ Мәдинаның өліміне қатысты шындық толық ашылуы керек. Оны өмірге қайтара алмаймыз, алайда шындықтың көмулі қалуына жол бермеуіміз керек. Біз бұл істі соңына дейін бақылауда ұстаймыз. Әділдік үшін күрес жалғасады», – деді Ахмадиев.

Қайта тағайындалған сот-медициналық сараптаманың қорытындысы әзірге жарияланған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының қайтыс болғаны хабарланды. Полиция өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.