Байқоңырдан «Прогресс МС-36» жүк кемесі ғарышқа ұшырылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
«Союз-2.1б» зымыран тасығышы «Прогресс МС-36» жүк кемесімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Роскосмос» хабарлады.
Зымыран Астана уақытымен сағат 15:17–де (Мәскеу уақытымен 13:17–де) ұшырылды.
Жүк кемесі орбитаға азық-түлік, ғарышкерлердің өмір сүруі мен жұмысына қажетті жабдықтар, сондай-ақ «Теледроид» эксперименті аясында жасалған адамға ұқсас роботты жеткізеді.
Қаз
Рус






