Киім дүкеніндегі қазақша аударма жұрттың назарлығын тудырды

1 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: vtvs_tarazThreads әлеуметтік желісінде Тараз қаласындағы MART сауда орталығында орналасқан H&M дүкеніндегі қазақша жазуға қатысты жазба жарияланды, - деп  Opennews.kz  ақпарат агенттігі vtvs_taraz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желі қолданушысы дүкендегі киімнің үлгісін сипаттайтын «Свободная посадка» тіркесінің қазақ тіліне «Еркін қону» деп аударылғанына таңданысын білдірген.

«Сонда осының дұрыс емес екенін айтатын бір қазақ табылмағаны ма?Сонда осы жазуды бір тексеріп, дұрыстап беретін адам жоқ па? «Еркін қону» деген не тағы?!» – деп жазды автор. 

Жазба астында пікір қалдырған қолданушылар да аударманың қисынсыз екенін айтып, наразылық білдірген. Олардың бірі киімге қатысты «свободная посадка» тіркесін сөзбе-сөз аудармай, «еркін пішімді» деп берген дұрыс екенін түсіндірген.

Сондай-ақ желі қолданушылары дүкен қызметкерлерінің қазақ тіліндегі жазудың қате екенін байқамағанына таңданыс білдіріп, мұндай мәтіндердің жарияланар алдында тексерілуі қажеттігін атап өткен.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.