Елімізде сыртқы жарнамалар мен ұйымдардың атауы мемлекеттік тілде жазылуы қажет: Заң жобасы мақұлданды

474

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы парламент мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы және көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы және мәтіндердің түпнұсқалы аудармасы бойынша арнайы талаптарды тағайындау. Сайлаушылар жиі көтеретін тақырыптардың бірі – осы көрнекі ақпараттағы қазақ тіліндегі жазылатын мәтіннің сауатсыздығы, кейбір жағдайда тіпті қазақ тілінде мәтіннің болмауы. Осыған байланысты нақты талаптар енгізілді", – дейді депутат Берік Әбдіғалиұлы. 

Заң жобасымен жұмыс жасау аясында депутаттар мынадай қызметтерді негізге алды:

әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да географиялық объектілердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын мемлекеттік тілде жазуға;

мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларын мемлекеттік тілде, қажет болған кезде ғана орыс және (немесе) басқа да тілдерде жазуға;

жол белгілеріндегі жазбаны мемлекеттік тілде жазуға;

хабарландыруларды, жарнаманы, прейскуранттарды, баға көрсеткіштерін, ас мәзірін, нұсқағыштар мен басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс немесе басқа да тілдерде орналастыруға бағытталған түзетулер енгізді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.