Таразда 8 жастағы қыз анам тастап кетті деп ойлап, терезеден секірмек болған

338

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Таразда гвардияшылар баланы құтқарды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға 8 желтоқсан күні кешкі уақытта болған. Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің жасағы тұрғын үйдің 5-қабатындағы балконда терезеден секірмек болған қызды байқап қалған.

“Әскери нарядтың басшысы қатардағы сарбаз Ерден Ауған радиостанция бойынша кезекшіге және учаскелік инспекторға болған оқиға туралы дереу баяндаған. Олар келгенге дейін, баламен сөйлесіп, сарбаздар уақыт созды. Учаскелік полиция қызметкері келгенде олар қыздың анасын шақырып, пәтерге кірді, – делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, қыздың анасы баланы пәтерге қамап, азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен, ал қызы оны тастап кетті деп ойлаған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.