Өзбекстан шекарасынан өте алмай отырған отандастарымыз президенттен көмек сұрады

276

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Үш күннен бері Өзбекстан шекарасынан ел аумағына өте алмай отырған 50-ге жуық отандасымыз президенттен көмек сұрады, -  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар үш күннен бері Дәуіт ата – Тажен шекарасында күнелтуде.

"Ақшамыз, тамағымыз бен суымыз таусылып барады. Ұйықтайтын жеріміз жоқ. Кімге жүгінерімізді білмейміз. Қазақстан мен Өзбекстан елшілігіне хабарластық, бірақ ешкім көмектесе алмайды", - дейді олар.

Айтуларынша, ыстық пен шаршағанның әсерінен, балалардың дене қызуы көтерілуде. Шарасы таусылғандар президентке бейнеүндеу жолдап, көмектесуін өтінді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.