Екі айлық қызын жерге лақтырған ер адам қамауға алынды

190

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ішімдікке сылқия тойған ер адам екі айлық сәбиін жерге лақтырып, бас сүйегін сындырған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.  

Ауыр жарақат алған нәресте қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы нашар.
Тәртіп сақшылары қатыгез әкені қамауға алды. 

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде. Сот бұрын белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ер адам қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды" , - деп хабарлады Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.