"100 мың теңгеден дивиденд": "ҚазМұнайГаз" компаниясының атын жамылған алаяқтар жалған жарнама таратты

1 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: dknews.kzӘлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнама тарады. Бейнежазбада "ҚазМұнайГаз" іске қосқан жаңа платформаға қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі жалған жарнаманы Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы анықтаған. "Бейнежазбада азаматтарға іске қосылған жаңа мемлекеттік "ҚазМұнайГаз" платформасына қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәліметіне сәйкес, таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура халықты қырағы болуға және түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға сеніп қалмауға шақырды. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оның артында қаржы пирамидалры жасыранған болуы мүмкін. 

"Өз кезегінде құқық қорғау органдары заңсыз инвестициялық ұйымдардың қызметін анықтау және жолын кесу шараларын қабылдауда", - дейді Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.