"100 мың теңгеден дивиденд": "ҚазМұнайГаз" компаниясының атын жамылған алаяқтар жалған жарнама таратты
Әлеуметтік желілерде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының инвестициялық бағдарламасы туралы жалған жарнама тарады. Бейнежазбада "ҚазМұнайГаз" іске қосқан жаңа платформаға қаржы салып, 100 мың теңгеден дивиденд алуды ұсынады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты прокуратура халықты қырағы болуға және түрлі ойдан шығарылған жарнамаларға сеніп қалмауға шақырды. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, оның артында қаржы пирамидалры жасыранған болуы мүмкін.
Қаз
Рус






