Қызылордада 88 мың көшет егілді

1 509

Фото: Opennews.kz ЖИҚызылорда облысында жыл басынан бері 6 мың тоннадан астам қоқыс арнайы полигонға шығарылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына облыс халқы белсенді қатысып жатыр. Өңірдің құрғақ климатына төзімді 90 мыңға жуық көшет егілді. Қорқыт ата атындағы әуежайдан қалаға дейінгі жолдың айналасы толық көгалдандырылды. Бұл маңдағы 52 гектар алқапты малдан қорғау үшін арнайы сыммен қоршалады. Оның жалпы ұзындығы 12 шақырымнан асады. Шілде айында басталған жұмыс жақында аяқталады. Жол бойына 10 мың түп көшет егілсе, алдағы уақытта тағы сондай көлемде ағаш егу жоспарланған.  

Берік Уснадинов, «Арна» КММ директоры: - Күз айында да, көктем айында да тал егу жұмыстары жалғасады. Қазіргі таңда ясень талдарын егіп жатырмыз. Осы жергілікті жерге бейімделген, осы өңірде өсетін талдарды барынша қарастырып, тауып, көшеттерін егіп жатырмыз. Әлі де тал егеміз, эксперимент жасап жатырмыз. Бізде павловния талдары да бар. Биік әрі тез өсетін талдарды әкеліп, егіп жатырмыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.