Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

243
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн салқындайды. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Батыс Сібір орталығынан созылып жатқан циклон әлі де республиканың шығыс жартысына әсер етіп, қолайсыз ауа райын қалыптастырады. Мұнда жаңбыр жауады, шығыс пен оңтүстік-шығыста нөсер болады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауып және екпіні күшті жел соғады.

"Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде ауа температурасы түнде 5-13, күндіз 15-23 градусқа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде 8-18, күндіз 18-34 градусқа дейін, ал батыс бөлігінде түнде 17-27, күндіз 30-40 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.