Сол жағалауда ұрлық азаймай тұр

273

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада сол жақ жағалау тұрғындары полиция қызметкерлерінің жұмысының салғырттығына наразылық білдіруде, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Бүгін әлеуметтік желіге қаламыздың сол жақ жағалауының тұрғындары құзырлы органдардың қызметіне салғырт қарайтындығын айтып наразылық білдірген болатын. Олай деуге басты себеп, жаңадан салынған үйлердің ауласында ұрлық әрекеттері жиі орын алуда.

«Сол жағалауда ұрлық көп, ішкі істер департаментіне шағым жазсақта шара көріп жатқан жоқ. Күнде бір затымыз ұрлануда. Көлігімнің қуаттандырғышы мен алдыңғы капотын ұрлап кеткендігі жөнінде шағым бердім. Бірақ, нәтиже жоқ»,- дейді қала тұрғыны.

Алайда, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы аталған дерек бойынша ҚРҚК 188-бабының 1-бөлігімен (бөтен мүлікті жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, қылмысты ашу бағытында кешенді жұмыстардың жүріп жатқандығын хабарлаған.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.