Сол жағалауда ұрлық азаймай тұр

270
Қызылордада сол жақ жағалау тұрғындары полиция қызметкерлерінің жұмысының салғырттығына наразылық білдіруде, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Бүгін әлеуметтік желіге қаламыздың сол жақ жағалауының тұрғындары құзырлы органдардың қызметіне салғырт қарайтындығын айтып наразылық білдірген болатын. Олай деуге басты себеп, жаңадан салынған үйлердің ауласында ұрлық әрекеттері жиі орын алуда.

«Сол жағалауда ұрлық көп, ішкі істер департаментіне шағым жазсақта шара көріп жатқан жоқ. Күнде бір затымыз ұрлануда. Көлігімнің қуаттандырғышы мен алдыңғы капотын ұрлап кеткендігі жөнінде шағым бердім. Бірақ, нәтиже жоқ»,дейді қала тұрғыны.

Алайда, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы аталған дерек бойынша ҚРҚК 188-бабының 1-бөлігімен (бөтен мүлікті жымқыру) қылмыстық іс тіркеліп, қылмысты ашу бағытында кешенді жұмыстардың жүріп жатқандығын хабарлаған.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.