Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

333

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне толықтырулар әзірледі- деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі  Nege.kz сайтына  сілтеме жасап.    
 

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады


Атап айтқанда, тізім мынадай жолдармен толықтырылады:

Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек;

Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мереке бекіту жөніндегі бастама жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен елдің осы саладағы негізгі қоғамдық-саяси күштерінің шоғырлануын айғақтайтын болады", - делінген құжатта.

Жаңа кәсіби мерекені «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданған күніне келтіру ұсынылады. Қазақстанда шамамен 100 мың жарнама маманы бар 2000-ға жуық жарнама ұйымы тіркеліп, жұмыс істейді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.