Банк менеджері клиенттің ақшасын жымқырып, бәс тіккен

362

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Көкшетауда клиенттің ақшасын ұрлап, бәс тіккен банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі   Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 шілдеде полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны банктердің бірінде сақтаған ақшасының жоғалғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам 310 мың теңгені иемденген. Алайда ол алаяқтар қоңырау шалмағанын, банктегі ақшаны басқа есепшотқа аударуға өтініш бермегенін атап өткен.

Anti-fraud республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласы ПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері бұл іске 19 жастағы банк менеджерінің қатысы барын анықтады. 14 шілдеде ол кредит алғысы келетін клиентке қызмет көрсеткен.

Банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттің есепшотындағы 310 мың теңгені букмекерлік кеңседегі өз шотына аударған. Кейін ол ұрланған ақшаға бәс тігіп, ұтылып қалған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған хабарламада.

19 жастағы жігіт өз кінәсін толық мойындады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.