Банк менеджері клиенттің ақшасын жымқырып, бәс тіккен
336
Көкшетауда клиенттің ақшасын ұрлап, бәс тіккен банк менеджері ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Anti-fraud республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласы ПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері бұл іске 19 жастағы банк менеджерінің қатысы барын анықтады. 14 шілдеде ол кредит алғысы келетін клиентке қызмет көрсеткен.
Банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, клиенттің есепшотындағы 310 мың теңгені букмекерлік кеңседегі өз шотына аударған. Кейін ол ұрланған ақшаға бәс тігіп, ұтылып қалған. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған хабарламада.
19 жастағы жігіт өз кінәсін толық мойындады.